Қамқоршылар мен қорғаншылар енді қамқорлығындағы азаматтардың мүлкі мен әлеуметтік төлемдерін басқаруға рұқсат алу қызметін тек eGov.kz порталынан ғана емес, eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы да пайдалана алады.
Қызмет сот шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе шектеулі әрекетке қабілетті деп танылған кәмелетке толған азаматтардың заңды өкілдеріне арналған. Ол тегін көрсетіледі және зейнетақы мен жәрдемақыны алу, мүлікті сату сияқты түрлі әрекеттер үшін рұқсат рәсімдеуге мүмкіндік береді.
Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграцияның арқасында өтінішті толтыру кезінде кейбір деректер автоматты түрде жүктеледі. Бұл өтініш беру үдерісін жеңілдетіп, қателік жасау ықтималдығын төмендетеді.
Қызметті пайдалану үшін:
Өтініш қаралғаннан кейін жеке кабинеттегі «Қызметті көрсету тарихы» бөлімінде электрондық түрде бұйрық немесе дәлелді бас тарту көрсетіледі. Шешім бес жұмыс күні ішінде беріледі.
Қызмет eGov.kz порталында да қолжетімді. Іске қосылған сәттен бастап бұл қызметті 460-тан астам рет пайдаланды.
Қызмет ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі арасындағы ынтымақтастық аясында іске қосылды.