Талапкер ауылындағы жалпы республикалық сенбілікке қатысуға шақырамыз

Талапкер ауылындағы жалпы республикалық сенбілікке қатысуға шақырамыз

Құрметті Талапкер ауылының тұрғындары!

Сіздерді 29 шілде күні өтетін республикалық экологиялық акция - «Таза Қазақстан – Таза болашақ» атты сенбілікке шақырамыз!

Жиналу орны: Есіл өзенінің жағасы

Жиналу уақыты: сағат 14:30

Сенбілік басталуы: сағат 15:00

Таза табиғат - жарқын болашақ кепілі!

Ауданымыздың көркеюі - әрқайсымыздың қолымызда.

Баршаңызды белсенділік танытып, бірге тазалық жасауға шақырамыз!

Келіңіздер, ауызбіршілікпен атсалысып, туған жерімізге үлес қосайық!