«Ұлы ойшылдың ізімен»: Ақмола облысы кітапханаларында ұлы ойшылға арналған орталықтары ашылуда

«Ұлы ойшылдың ізімен»: Ақмола облысы кітапханаларында ұлы ойшылға арналған орталықтары ашылуда

Абай Құнанбайұлының рухани мұрасын ұрпақ санасына сіңіру – уақыт талабы. Осы мақсатта бүгінде Ақмола облысының 329 мемлекеттік кітапханасының 100-ге жуық арнайы «Абай орталықтары» ашылып, халыққа қызмет етуде. Бұл бастама ұлы ақынның өлмес сөзін насихаттауға, жастардың ұлттық сана-сезімін оятуға бағытталған.

Әрбір орталық – тек кітап сөресі емес, бұл – Абайдың кемел ойына, терең танымына бастар даналық жол. Абай сөзімен рухтанған жастар рухани ізденіс әлеміне жол тартады. Бұл бастаманың аясында бүгінгі күнге дейін 150-ден астам мәдени-ағартушылық іс-шара өткізіліп, 3000-ға жуық астам адам қамтылды. Ақмола облысы кітапханаларында бүгінде 4 миллионнан астам кітап бар. Оның ішінде ұлттың ұлы тұлғасы, кемеңгер ойшыл — Абай Құнанбайұлының 10000-нан жуық еңбегі мен оған арналған зерттеулер рухани кеңістігіміздің алтын арқауына айналды.

Аталған орталықтарда сонымен қатар, ақынның шығармалары, өмір жолы, философиялық ой-толғамдары мен зерттеушілер еңбектері қамтылған. Бұлар – тек оқырман назарына ұсынылған материалдар емес, олар — ойлы жүрекке жол тапқан тағылым.

Сонымен қатар, өңірде 94 құрамдас бөлік, 2 елді мекен, 5 мектеп және 1 кітапхана философ, ағартушы, қазақ әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының есімімен аталады.

Абай орталықтары — ұрпаққа қалдырылған ұлы аманат! Ақмола кітапханалар жүйесі бұл рухани жобаны одан әрі кеңейтіп, ел ішіндегі мәдени серпілісті жалғастыра бермек.