Қараөткел ауылының кәсіпкері «Бір ауыл – бір өнім» көрмесінің үздік қатысушыларының бірі атанды

Қараөткел ауылының кәсіпкері «Бір ауыл – бір өнім» көрмесінің үздік қатысушыларының бірі атанды

Целиноград ауданы, Қараөткел ауылының тұрғыны, кәсіпкер Бауржан Жалғасбаев (ЖК «Ақбота») Көкшетау қаласында өткен дәстүрлі облыстық «Бір ауыл – бір өнім» көрмесінің үздік қатысушыларының қатарынан табылды. Ол көрмеге ұлттық технология бойынша қуырылған тары, сары май, қант пен балдан дайындалатын дәстүрлі қазақ тәттісі - жент өнімін ұсынды.

Көрме Ақмола облысының Кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған жобаның аясында өткізілді. Жобаның басты мақсаты - жергілікті өндірісті дамыту, өңірлік шикізатқа негізделген өнімдерді ілгерілету, сондай-ақ ауылдық кәсіпкерлерге қолдау көрсету мен олардың бірегей тауарларын насихаттау. Биылғы көрмеге облыстың барлық өңірлерінен 50-ге жуық жоба қатысты.

Целиноград ауданы атынан келесі кәсіпкерлер қатысып, лайықты өнімдерін таныстырды:

  • ЖК «Досымов Б.Ж.» – ұлттық стильде жасалған дәстүрлі қазақ тұрмыстық заттары: астау, жиналмалы ағаш үстелдер, орындықтар мен табиғи ағаштан жасалған ұлттық өрнекті ыдыстар;
  • ЖШС «Моя ферма» – сүт өнімдерін өңдеу және консерванттарсыз табиғи ірімшік өндіру;
  • ЖК «Вальд А.К.» – жылқы еті, сиыр еті, тауық және басқа да ет түрлерінен дәстүрлі әдіспен ысталған өнімдер шығару (ыстық және суық тәсілмен).

Келесі кезең - бренд-комитет алдында жобаларды қорғау. Қорытындысында үш үздік жоба республикалық көрмеге жолдама алып, 5 миллион теңгеге дейінгі гранттар ұтып алу мүмкіндігіне ие болады.

Бауржан Жалғасбаевты лайықты жетістігімен құттықтаймыз және аудан атынан қатысқан барлық кәсіпкерлерге ауыл шаруашылығы мен ұлттық мұраны дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдіреміз!

📍 Кәсіпкерлік бастамалар бойынша барлық сұрақтар бойынша келесі мекенжайға хабарласуға болады: Ақмол ауылы, Гагарин көшесі, 15/2 үй, 📞 Байланыс нөмірі: 8 (716-51) 79-021