Целиноград ауданы Ақмол, Ақжар, Оразақ және Шалқар ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау қорытындысы туралы хабарлама

Целиноград ауданы Ақмол, Ақжар, Оразақ және Шалқар ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау қорытындысы туралы хабарлама

2025 жылғы 13 шілде күні Целиноград ауданы Ақмол, Ақжар, Оразақ және Шалқар ауылдық округтерінің әкімдерін сайлауы өтті.

Целиноград аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Целиноград ауданының Ақмол, Ақжар, Оразақ және Шалқар ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

Ақмол сайлау округі бойынша Ақмол ауылдық округі әкімінің сайлауы:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 5889 азамат енгізілді, оның 989 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 41, «барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған - 138.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Дүйсекеев Ж. Т. – 646;  Саулебаева А. К. – 164.

Ақмол ауылдық округінің әкімі болып Дүйсекеев Жанат Төлеуұлы сайланды, 1968 жылы туған, уақытша жұмыс істемейтін, Ақмол ауылдық округінің Ақмол ауылында тұрады, «AMANAT» партиясы ұсынған.

 

Ақжар ауылдық сайлау округі бойынша Ақжар ауылдық округі әкімінің сайлауы:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 727 азамат енгізілді, оның 422-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 8, «барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған - 2.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Тайтолеуова С.А. – 22; Утепов А.С. – 390..

Ақжар ауылдық округінің әкімі болып Утепов Амангелды Серікпайұлы сайланды, 1977 жылы туған, «Есенжол-Н» ЖШС бас инженері, Ақжар ауылдық округінің Ақжар ауылында тұрады,  өзін-өзі ұсынған.

 

Оразақ сайлау округі бойынша Оразақ ауылдық округі әкімінің сайлауы:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 891 азамат енгізілді, олардың 250 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 6, «барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған - 6.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Қадыркей С.Ж. – 211; Муратова Э.Н. – 13; Умарова Д.С. – 14.

Оразақ ауылдық округінің әкімі болып Қадыркей Серік Жараспайұлы сайланды, 1979 жылы туған, «Оразақ-Бірлігі» ЖШС директоры, «Оразак аманаты» ӘКК ауыл шаруашылығы төрағасы, Ақмол ауылдық округінің Ақмол ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған.

 

Шалқар сайлау округі бойынша Шалқар ауылдық округі әкімінің сайлауы:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 478 азамат енгізілді, олардың 301 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 5, «барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған  - 8.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Жеңіс Д. Қ. – 19; Қанапиянов А.Ж. – 253; Смагулова  М. О. – 16.

Шалқар ауылдық округінің әкімі болып Қанапиянов Азамат |Жеңісұлы сайланды, 1985 жылы туған, «AMANAT» партиясы Целиноград аудандық филиалының атқарушы хатшысы, Ақмол ауылдық округінің Ақмол ауылында тұрады, «AMANAT» партиясы ұсынған.

 

 

Целиноград аудандық сайлау комиссиясы