Аудан әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Аудан әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Целиноград ауданының әкімі Дарын Сабырғалиұлы азаматтарды жеке мәселелері бойынша кезекті қабылдауын өткізді.  

Кездесу барысында Қоянды және Нұрлы ауылдарындағы жер мәселелеріне қатысты өтініштер қаралды.

Барлық көтерілген мәселелер бойынша азаматтарға қолданыстағы заңнамалар шеңберінде түсініктемелер мен кеңестер берілді.

Целиноград ауданы әкімінің қабылдауына алдын-ала 8-71651-30509 телефоны бойынша жазылуға болады.