Жазғы маусымда Целиноград ауданында су айдындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық рейдтер жалғасуда. Іс-шаралар «Заң және тәртіп» идеологиясы аясында төтенше жағдайлар бөлімі, аудан прокуратурасы, полиция және жастар ресурстық орталығының мамандарының қатысуымен өткізілуде.
Рейд барысында жағалау аумақтарындағы қауіпсіздік шаралары, тыйым салатын белгілердің болуы және рұқсат етілмеген шомылу орындары тексерілді. Демалушыларға судағы тәртіп ережелері, алғашқы көмек көрсету тәсілдері және балалардың қауіпсіздігіне ата-аналардың жауапкершілігі түсіндірілді.
Су жағасында спирттік ішімдіктер ішуге тыйым салынатынына ерекше назар аударылды.
Профилактикалық рейдтер тұрақты түрде жүргізіліп, төтенше жағдайлардың алдын алуға және азаматтардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Аудан тұрғындарына шомылуға тек рұқсат етілген қауіпсіз орындарды таңдауға және қарапайым ережелерді сақтауға кеңес беріледі.