Құрметті Целиноград ауданының тұрғындары! Қадірлі жерлестер!
Баршаңызды халқымыздың болмысын даралайтын, табиғатын танытатын, ұлы мұрамызды ұлықтайтын Ұлттық домбыра күнімен шын жүректен құттықтаймын.
Домбыра тек музыкалық аспап емес, ол ұлттың жаны, дауысы мен ұлттық жады. Домбыра үні қанымызда бар, санамызда сақталған, ұлттық кодымызда таңбаланған. Бүгін біз мәдени құндылықтарымыз бен дәстүріміз қос ішектің үні мен күмбірлеген күй арқылы ұрпақтан-ұрпаққа ұлағаттап жүрген барша жандарды ұлықтаймыз!
Еліміздің қатпар-қатпар тарихынан сыр шерткен күй-толғау, күмбірлі сұлу әуен құлағымыздан кетпесін, қасиетті ұлттық аспабымыз – Домбыра төрімізден түспесін!
Домбыра күні құтты болсын!