Астананың маңындағы ең ірі көрмеде үздік бұқа анықталады

Астананың маңындағы ең ірі көрмеде үздік бұқа анықталады

Қазақстандағы №1 бұқа кім болады? Бұл сұраққа «Үздік бұқа» Ұлттық байқауы жауап береді. Байқау елдің басты аграрлық көрмесі – Jańa Dala / Green Day ‘2025 аясында өтеді.

Бас жүлде – «Абсолюттік чемпион» атанған қатысушыға берілетін жаңа YTO дөңгелекті тракторы. Қатысушыларды АҚШ, Ұлыбритания, Ресей және Қазақстаннан шақырылған тұқымдық мал шаруашылығы саласындағы жетекші мамандардан құралған халықаралық қазылар алқасы бағалайды.

Абсолюттік чемпионды таңдау – кәсіпқой мал өсірушілердің қатысуымен өтетін жарқын әрі әсерлі байқаудың шарықтау шегі болмақ. Мерекелік бағдарламада – ауыл шаруашылығы жануарларының көрмесі және Ангус, Әулиекөл, Герефорд, Қазақтың ақбас, Қалмақ тұқымдары бойынша жарыстар, бұқашықтар аукционы, сондай-ақ стейк фестивалі – Black Angus, Qazaq Aqbas, QALMAQ Meat, Столичная трапеза брендтерінен шеберлік сабақтары өтеді.

Мал шаруашылығы бағытының мазмұнды бағдарламасы Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешеніндегі ең ауқымды көрме шарасының – Jańa Dala / Green Day ‘2025 арнайы демонстрациялық көрмесінің бір бөлігі болып табылады. Дәстүрлі аграрлық форум – Дала күні форматында – 2025 жылдың 17–18 шілдесінде Астанадан 20 км жерде орналасқан «Ақтық» АҚ демонстрациялық алқаптарында (Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Нұресіл ауылы, Талапкер елді мекенінен кейін) өтеді.

Көрме 2013 жылдан бері өткізіліп келеді және республикадағы ең ірі демонстрациялық алаң болып табылады. Мұнда заманауи ауыл шаруашылығы технологиялары, жоғары өнімді техника, сондай-ақ мал шаруашылығы, генетика және селекция саласындағы инновациялық әзірлемелер, ветеринария, агрономия, агрохимия және органикалық егіншілік бойынша жаңа шешімдер ұсынылады.

Jańa Dala / Green Day ‘2025 көрмесіне 20-дан астам жақын және алыс шетел елдерінен 200-ден астам компания қатысады деп күтілуде. Сондай-ақ, агроөнеркәсіп кешені мен агробизнес саласының 5 мыңнан астам кәсіби мамандары келеді. Қазақстан мен әлем ауыл шаруашылығының өзекті әрі келешегі зор бағыттары «Ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтары», «Егіншілік», «Мал шаруашылығы», «Тиімді гектар» бөлімдерінде көрсетіледі. Көрме аясында 500-ден астам түрлі ауыл шаруашылығы техникасы мен кең ауқымды жоғары технологиялық жабдықтың таныстырылымы және көрсетілімі жоспарлануда.

Қазақстандық дала күні Jańa Dala / Green Day ‘2025 көрмесінде Франция, Ұлыбритания, Нидерланды, сияқты әлемдік аграрлық өндіріс көшбасшыларының ұлттық павильондары ұсынылады. Сонымен қатар, Франция көрменің ресми серіктесі ретінде қатысады.

Іс-шараның қонақтары мен қатысушылары қатарында – ҚР Ауыл шаруашылығы министрі, Ақмола облысының әкімі, Франция, Беларусь Республикасы, Ұлыбритания, Германия, Нидерланд Корольдігінің Төтенше және Өкілетті Елшілері, Ресей Федерациясының кең өкілдігі, сондай-ақ облыстық және аудандық әкімдіктер делегациялары бар.