Целиноград ауданында «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының еңбек маусымы басталды

Целиноград ауданында «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының еңбек маусымы басталды

Ақмол ауылындағы «Рухани жаңғыру» саябағында «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының жазғы еңбек маусымының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Іс-шарада қатысушыларға құттықтау сөз сөйлеген Целиноград ауданының әкімі Дарын Сабырғалиұлы мен «Жасыл ел» жастар еңбек отрядтарының Республикалық штабы басшысының орынбасары Диас Бекмұратұлы жастарды жаңа еңбек маусымының басталуымен құттықтап, экологиялық бастамаларды жүзеге асырудағы олардың белсенділігінің маңыздылығын атап өтті.

2005 жылы елімізде құрылған «Жасыл ел» жасақтары экологиялық жобаларды жүзеге асырумен, елді мекендерді көгалдандырумен және абаттандырумен, сондай-ақ жастарды уақытша жұмыспен қамту және патриоттық рухта тәрбиелеумен айналысады.

Облыстық Жастар ресурстық орталығы мен облыстық «Жасыл ел» штабының ұйымдастыруымен өткен іс-шараға жастар еңбек жасақтарының қатысушылары, мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері, жастар ұйымдары мен ауданның еріктілері қатысты.

Жобаның басты мақсаты – Целиноград ауданы жастарын көгалдандыру мен абаттандыру жұмыстарына тарту арқылы уақытша жұмыспен қамту, экологиялық сананы қалыптастыру және жастар арасында патриоттық рухты дамыту.

Іс-шара аясында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасын белсенді жүзеге асырып жатқан ауылдар мен ауылдық округтердің әкімдерін марапаттау рәсімі өтті. Бағдарлама жергілікті шығармашылық ұжымдардың қатысуымен өткен концертпен қорытындыланды.