Целиноград ауданы әкімдігінде аудан әкімі Дарын Сабырғалиұлының төрағалығымен аппараттық жиналыс өтіп, ауылдық округтерде өткізілген көшпелі кездесулердің қорытындысы қаралды.
Жиналыс барысында аудан әкімі «сұрақ-жауап» форматындағы ашық диалогтың халықпен кері байланыс орнатудың тиімді алаңына айналғанын атап өтті. Алайда, тұрғындардың көтерген мәселелерін талдау көптеген сұрақтардың аудан басшылығының келуін күтпей-ақ, жергілікті деңгейде шешілуі мүмкін екенін көрсетті. Бұл, әсіресе, көшелерді жарықтандыру, қысқы мезгілде жолдарды күтіп ұстау, құжаттарды рәсімдеу, елді мекендердің санитарлық жағдайы сияқты тұрмыстық сипаттағы мәселелерге қатысты.
Аудан басшысы ауыл әкімдері мен салалық бөлім басшылары тарапынан азаматтардың өтініштеріне уақтылы әрекет етуде жеткіліксіз жұмыс жүргізіліп отырғанын ерекше атап өтті. Сонымен қатар, аудан әкімі ауылдық округтердің әкімдеріне тұрғындардың мәселелерін шешуге жеке араласуды, жобалардың жүзеге асырылу барысы туралы ақпаратты жергілікті чаттар, әлеуметтік желілер және ауылдық әкімдіктердің ресми сайттары арқылы уақтылы жеткізуді тапсырды.
Дарын Сабырғалиұлы әрбір жауапты басшыға көрсетілетін қызметтердің сапасына бақылауды күшейтіп қана қоймай, халық арасында түсіндіру жұмыстарын жандандыруды тапсырды. Сонымен қатар, аудан әкімі ауыл әкімдеріне тұрғындардың мәселелерін шешуге тікелей араласуды, мемлекет бастамалары жөніндегі ақпаратты уақтылы жеткізуді, өтініштермен жүйелі жұмыс жүргізуді, соның ішінде әлеуметтік желілер мен аудан әкімдігінің ресми сайты арқылы ақпарат тарату жұмысын күшейтуді тапсырды.
Жиналыс қорытындысы бойынша әрбір ауылдық округке нақты тапсырмалар мен орындалу мерзімдері белгіленді. Олардың орындалуы аудан әкімінің тікелей бақылауында болады.