Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері мен ардагерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Жұртшылықты білім мен адамгершілік құндылықтарын дәріптеуге шақырып, игі істердің бастуында тұрған қылқалам шеберлері әрқашан ерекше құрметке ие.
Журналистер өздерінің кәсіби біліктілігімен, жауапкершілікті сезіну, азаматтық міндеттерге деген адалдық, өз ісіне шексіз берілгендік сынды қасиеттермен дараланады. Сіздер қажырлы еңбектеріңізбен көпұлтты елімізде халық бірлігін нығайтуға тікелей ықпал етуге өз үлестеріңізді қосып отырсыздар.
Жергілікті «Есіл-Нұра», «Вестник Акмола» газеттерінің шығармашылық әлеуеті алдағы уақытта да еліміз бен аймағымыздағы уақыт тынысын дер кезінде сезініп, саяси, экономикалық, мәдени және әлеуметтік оқиғалар туралы халықты кеңінен хабардар етуге атсалысатындығына сенімдімін.
Сіздерге зор денсаулық, отбасына амандық және еңбекте табыс тілеймін. Әрдайым қаламдарыңыз мұқалмай, халыққа жасаған қызметтеріңіз абырой әкеліп, шығармашылық табыстың көкжиегінен көріне беріңіздер!