ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУЛЕР: Целиноград ауданының әкімі Мәншүк Мәметова ауылының тұрғындарымен кездесті

ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУЛЕР: Целиноград ауданының әкімі Мәншүк Мәметова ауылының тұрғындарымен кездесті

Мәншүк Мәметова а.

Мәншүк Мәметова ауылының ауылдық клубында Целиноград ауданының әкімі Дарын Сабырғалиұлының ауыл тұрғындарымен кездесуі өтті. Іс-шара ашық диалог форматында, «сұрақ-жауап» түрінде ұйымдастырылды.

Кездесуге аудандық прокуратура мен мәслихат басшылығы, аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық бөлімдердің басшылары мен өкілдері, аумақтық ведомстволар мен қызметтердің, оның ішінде денсаулық сақтау, ішкі істер органдарының, «Қазақтелеком», «АЭҮК» АҚ басшылары мен өкілдері қатысты.

Кездесу барысында аудан әкімі тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға сол жерде жауап беріп, олардың шешу жолдарын нақтылап өтті.

Ауыл тұрғындары ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін беру, стадион салу және тұрғылықты мекенжай бойынша тіркеу және басқа да өзекті мәселелерді көтерді.

Ауыл тұрғындары электрмен қамту, ауызсумен қамтамасыз ету, газдандыру, көше Дарын Сабырғалиұлы интернет-алаяқтықтың алдын алу тақырыбына ерекше назар аударып, азаматтарды абай болуға және күмәнді жағдайлар туындаған кезде бірден құқық қорғау органдарына жүгінуге кеңес берді.

Кездесуге қатысқан тұрғындардың жалпы саны – шамамен 20 адамды құрады.

Іс-шара соңында аудан әкімі азаматтарды жеке қабылдап, тұрғындардың қосымша өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.