ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУЛЕР: Целиноград ауданы әкімі Шалқар ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті

ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУЛЕР: Целиноград ауданы әкімі Шалқар ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті

Шалқар а.

Шалқар ауылының ауылдық мәдениет үйінде Целиноград ауданының әкімі Дарын Сабырғалиұлының ауылдық округ тұрғындарымен кездесуі өтті. Іс-шара ашық диалог форматында, «сұрақ-жауап» түрінде ұйымдастырылды.

Кездесуге аудандық прокуратура мен мәслихат басшылығы, аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық бөлімдердің басшылары мен өкілдері, аумақтық ведомстволар мен қызметтердің, оның ішінде денсаулық сақтау, ішкі істер органдарының, «Қазақтелеком», «АЭҮК» АҚ басшылары мен өкілдері қатысты.

Кездесу барысында аудан әкімі тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға сол жерде жауап беріп, олардың шешу жолдарын нақтылап өтті.

Ауылдық округ тұрғындары тарапынан Нұра өзенінің жағалауы мен ауылдарын абаттандыруға, білім беру және денсаулық сақтау салаларына қатысты мәселелер және басқа да өзекті мәселелерді көтерілді.

Дарын Сабырғалиұлы интернет-алаяқтықтың алдын алу тақырыбына ерекше назар аударып, азаматтарды абай болуға және күмәнді жағдайлар туындаған кезде бірден құқық қорғау органдарына жүгінуге кеңес берді.

Кездесуге қатысқан тұрғындардың жалпы саны – шамамен 20 адамды құрады.

Іс-шара соңында аудан әкімі азаматтарды жеке қабылдап, тұрғындардың қосымша өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.