Ақмолалық журналист «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік наградасымен марапатталды

Ақмолалық журналист «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік наградасымен марапатталды

Зеренді аудандық «Зерен» газетінің бас редакторы Светлана Васильевна Ким «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Мемлекеттік награданы журналистке Қазақстан Республикасының Президенті табыстады.

Светлана Ким — 40 жылдан астам еңбек өтілі бар кәсіби журналист. Соның 14 жылында «Зерен» газетінің редакциясын басқарып келеді. Еңбек жолын Атбасар аудандық «Простор» газетінде тілші болып бастап, кейін бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары қызметтерін атқарды.

Светлана Ким — Ақмола облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының мүшесі, сондай-ақ Ассамблея жанындағы журналистер клубының төрағасы. Аймақтық журналистиканың дамуына қосқан сүбелі үлесі мен кәсіби қызметіне адалдығы үшін бірнеше рет алғыс хаттармен және Құрмет грамоталарымен марапатталған.