2025 жылғы 27 маусым күні Целиноград ауданының әкімі Сабырғали Дарын Сабырғалиұлы Шалқар, Жарлыкөл, Рахымжан Қошқарбаев ауылдық округтері, Мәншүк Мәметова ауылының тұрғындарымен кездесуі өтеді.
Шалқар ауылдық округінде тұрғындарымен кездесу Шалқар ауылының ауылдық клубта сағат 10:00-де өтеді.
Мәншүк Мәметова ауылының тұрғындарымен кездесу ауылдық клубта сағат 11:00-де өтеді.
Жарлыкөл ауылдық округінде тұрғындарымен кездесу Жалғызқұдық ауылының жалпы білім беретін мектебінде сағат 12:00-де өтеді.
Рахымжан Қошқарбаев ауылдық округінде тұрғындарымен кездесу Рахымжан Қошқарбаев ауылының жалпы білім беретін мектебінде сағат 13:00-де өтеді.
Кездесуден кейін аудан әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды.
Тұрғындардан ұсыныстар мен ескертулерді жинау үшін әкімдік ғимараттарында арнайы жәшіктер орнатылған.
Анықтама телефоны: 8-71651-30-292.