ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУЛЕР: Целиноград ауданының әкімі Талапкер ауылының тұрғындарымен кездесті

ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУЛЕР: Целиноград ауданының әкімі Талапкер ауылының тұрғындарымен кездесті

Талапкер а.

Талапкер ауылының мектеп-гимназияда Целиноград ауданының әкімі Дарын Сабырғалиұлының ауыл тұрғындарымен кездесуі өтті. Іс-шара ашық диалог форматында, «сұрақ-жауап» түрінде ұйымдастырылды.

Кездесуге аудандық прокуратура мен мәслихат басшылығы, аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық бөлімдердің басшылары мен өкілдері, аумақтық ведомстволар мен қызметтердің, оның ішінде денсаулық сақтау, ішкі істер органдарының, «Қазақтелеком», «АЭҮК» АҚ басшылары мен өкілдері қатысты.

Кездесу барысында аудан әкімі тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға сол жерде жауап беріп, олардың шешу жолдарын нақтылап өтті.

Ауыл тұрғындары жол жөндеу жұмыстары, электрмен қамту, ауызсумен қамтамасыз ету, газдандыру, абаттандыру, әлеуметтік нысандардың құрылысы және басқа да өзекті мәселелерді көтерді.

Дарын Сабырғалиұлы интернет-алаяқтықтың алдын алу тақырыбына ерекше назар аударып, азаматтарды абай болуға және күмәнді жағдайлар туындаған кезде бірден құқық қорғау органдарына жүгінуге кеңес берді.

Кездесуге қатысқан тұрғындардың жалпы саны – шамамен 70 адамды құрады.

Іс-шара соңында аудан әкімі азаматтарды жеке қабылдап, тұрғындардың қосымша өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.