ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУЛЕР: Целиноград ауданының әкімі Қажымұқан ауылының тұрғындарымен кездесті

ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУЛЕР: Целиноград ауданының әкімі Қажымұқан ауылының тұрғындарымен кездесті

Қажымұқан а.

Қажымұқан ауылының жалпы білім беретін мектебінің акт залында Целиноград ауданының әкімі Дарын Сабырғалиұлының ауыл тұрғындарымен кездесуі өтті. Іс-шара ашық диалог форматында, «сұрақ-жауап» түрінде ұйымдастырылды.

Кездесуге аудандық прокуратура мен мәслихат басшылығы, аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық бөлімдердің басшылары мен өкілдері, аумақтық ведомстволар мен қызметтердің, оның ішінде денсаулық сақтау, ішкі істер органдарының, «Қазақтелеком», «АЭҮК» АҚ басшылары мен өкілдері қатысты.

Кездесу барысында аудан әкімі тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға сол жерде жауап беріп, олардың шешу жолдарын нақтылап өтті.

Ауыл тұрғындары электрмен қамту, ауызсумен қамтамасыз ету, газдандыру, көше жарығын орнату, тұрғын үйлерге құқық белгілейтін құжаттарды рәсімдеу және тұрғылықты мекенжай бойынша тіркеу және басқа да өзекті мәселелерді көтерді.

Дарын Сабырғалиұлы интернет-алаяқтықтың алдын алу тақырыбына ерекше назар аударып, азаматтарды абай болуға және күмәнді жағдайлар туындаған кезде бірден құқық қорғау органдарына жүгінуге кеңес берді.

Кездесуге қатысқан тұрғындардың жалпы саны – шамамен 40 адамды құрады.