2025 жылғы 24 маусым күні Целиноград ауданының әкімі Сабырғали Дарын Сабырғалиұлы Ыбырай Алтынсарин ауылы, Нұресіл мен Ақмол ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесуі өтеді.
Ыбырай Алтынсарин ауылының тұрғындарымен кездесу Ыбырай Алтынсарин ауылының жалпы білім беретін мектебінде сағат 10:00-де өтеді.
Нұресіл ауылдық округінде тұрғындарымен кездесу Нұресіл ауылының ауылдық мәдениет үйінде сағат 12:00-де өтеді.
Ақмол ауылдық округінде тұрғындарымен кездесу Ақмол ауылының аудандық мәдениет үйінде сағат 15:00-де өтеді.
Кездесуден кейін аудан әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды.
Тұрғындардан ұсыныстар мен ескертулерді жинау үшін әкімдік ғимараттарында арнайы жәшіктер орнатылған.
Анықтама телефоны: 8-71651-30-292.