Қоянды ауылы мен Қызыл суат ауылдық округі тұрғындарының назарына!

Қоянды ауылы мен Қызыл суат ауылдық округі тұрғындарының назарына!

2024 жылғы 17 маусым күні Целиноград ауданының әкімі Сабырғали Дарын Сабырғалиұлы Қызыл суат ауылдық округі мен Қоянды ауылының тұрғындарымен кездесуі өтеді.

Қоянды ауылының тұрғындарымен кездесу Қоянды ауылының мектеп-лицейінде сағат 10:00-де өтеді.

Қызыл суат ауылдық округінде тұрғындарымен кездесу Қызыл суат ауылының жалпы білім беретін мектебінде сағат 12:00-де өтеді.

Кездесуден кейін аудан әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды.

Тұрғындардан ұсыныстар мен ескертулерді жинау үшін әкімдік ғимараттарында арнайы жәшіктер орнатылған. 

Анықтама телефоны: 8-71651-30-292.