Құрметті жерлестер! Қадірлі әкелер!

Құрметті жерлестер! Қадірлі әкелер!

Құрметті жерлестер! Қадірлі әкелер!

Сіздерді маңызды да мәнді мереке - Әкелер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Жақсы әке болу - ер азаматтың өміріндегі ең жауапты әрі маңызды міндеттердің бірі. Ұлға - өнеге, қызға - қорған, сүйікті ертегі кейіпкері болу. Үйрету, қорғау, түсіндіру, бағыт беру - мұның бәрін махаббатпен, шыдамдылықпен атқару тек әкенің қолынан келеді.

Мейірімді, қамқор, сүйіспеншілікке толы әкелер көп болса - қоғамымыз да, мемлекетіміз де берік, отбасымыз да бақытты болары сөзсіз.

Біздің ауданымызда да бала тәрбиесіне белсене араласып, отбасы құндылықтарын нығайтып жүрген әкелердің көп екені қуантады. Сіздер - балаларыңыз үшін тірек, өмірлік бағдар бола білдіңіздер. Отбасыңызға сенім мен жылу сыйлап, ұрпаққа өнеге көрсетіп келесіздер.

Балаларыңызды тәрбиелеудегі еңбектеріңізге, сарқылмас қуат пен күш-жігерлеріңізге, сенімділік пен адалдықтарыңызға алғыс айтамыз!

Барша әкелерді мерекемен құттықтап, зор денсаулық, отбасы амандығы, бала тәрбиесінде табыс, ұрпақтарыңыз үшін қуаныш пен мақтаныш тілеймін!

Ізгі тілекпен, Целиноград ауданының әкімі Дарын Сабырғалиұлы