Құрметті ақ халатты абзал жандар!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз — медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Әрбір мемлекеттің басты байлығы – ол оның азаматтары болса, әрбір адам баласы үшін бақыт та, байлық та– ол денсаулық.
Осы тұста, медицина қызметкерлерінің кезкелген қоғамда алар орны ерекше, солай болып қала береді де. Әрбір азаматтың денінің сау болуы Сіздердің ерік-жігерлеріңіздің, білімдеріңіз бен кәсіби шеберліктеріңіздің жемісі.
Тек, Сіздер әр науқастың жанына демеу болып, ауруға қарсы тұрып, саулығын қалыптастырып, адам бойына өмірлік күш-қуат беріп, жігерін жандырып, ғажайып туғыза білген мейірімді жүректеріңізбен, епті қолдарыңызбен адамзаттың көкейіне сенімділік ұялата білген жандарсыздар.
Бүгінде, ауданымызда денсаулық сақтау жүйесі үнемі нығайтылып, жаңарып келеді. Емдеу мекемелерінің заманауи құралдармен жабдықталуы, жаңа медициналық технологиялардың енгізілуі тұрғындарға медициналық қызмет көрсету сапасын арттыруға, әр отбасының, әр азаматтың денсаулығын жақсартуға оң ықпал етуде, бұл да ақ халатты абзалдардың еңбегі.
А.Байтұрсынұлы «Тәні саудың – жаны сау» екенін айта отырып, «Ең әуелі бәрінен бұрын тазалықтың қадірін біл. Тән саулығының тамыры – тазалықта, жан саулығының тамыры – саулықта» –, деп денсаулықты сақтаудың маңызды жолын осы нақылымен меңзеген болатын. Себебі, денсаулықтың кепілі – тән мен ардың тазылығында жатыр. Ал денсаулық сақшысы – ол Сіздер.
Аса қадірлі медицина қызметкерлері!
Аса жауапты және шексіз берілген қызметтеріңізде Сіздер ауданымызда денсаулық сақтау саласының мерейін үстем етіп, жерлестеріміздің саулығын нығайтып, оны сақтауға зор үлес қосып келесіздер.
Сіздердің отбасыларыңызға әрдайым амандық, бақ-береке, зор денсаулық, жұмыстарыңызға кәсіби жетістіктер тілеймін!