Целиноград ауданында әлеуметтік мемлекеттік қызметтерді алу мәселелері бойынша тікелей эфир өтті

Целиноград ауданында әлеуметтік мемлекеттік қызметтерді алу мәселелері бойынша тікелей эфир өтті

Бүгін Целиноград ауданында халықтың ақпараттану деңгейін арттыру мақсатында әлеуметтік көмек саласындағы мемлекеттік қызметтерді алу мәселелері бойынша тікелей эфир өтті.

Іс-шараға Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ахынов Амангелді Бақытбекұлы қатысып, тұрғындарға сұранысқа ие әлеуметтік қызметтерді рәсімдеу тәртібі бойынша кеңес берді.

Тікелей эфир барысында аудан тұрғындары әлеуметтік қолдау шаралары, атаулы әлеуметтік көмек, жәрдемақылар мен субсидиялар бойынша қажетті кеңес пен әдістемелік көмек алды.

Мұндай онлайн форматтағы іс-шаралар өз тиімділігін көрсетті — түскен өтініштер жедел қаралып, қатысушыларға нақты әрі уақытылы жауаптар берілді.

Тікелей эфирлер тұрақты түрде өткізілетін болады.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Целиноград ауданының әкімдігі (@selinograd_audanynyn_akimdigi)