Облыс әкімі Ахметжанов Марат Мұратұлының тапсырмасы бойынша 2025 жылы алғаш рет өңірде жасына байланысты зейнеткерлерге санаторлық-курорттық емделудің құнын өтеуге қаражат бөлінді. Өтемақы мөлшері 30 АЕК (117 960 теңге), бұл екі жылда бір рет беріледі.
Бұл әлеуметтік көмек «Целиноград ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Целиноград аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 қарашадағы № 80/12-8 шешіміне сәйкес көрсетіледі.
Кімдер өтемақы ала алады?
Жасына байланысты зейнеткерлер, яғни Целиноград ауданында тұрақты тіркелген зейнет жасындағы азаматтар.
Назар аударыңыз! Мүгедектігі бар адамдарға арналған емделу мемлекет есебінен жеке оңалту бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылады және бұл бағдарламаға кірмейді.
Өтемақыны алу тәртібі:
1. Зейнеткер Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген санаторийді өзі таңдайды.
2. Путевканы өз қаражаты есебінен сатып алады (5, 10 немесе одан да көп күнге).
3. Санаторийден оралған соң тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жүгінеді.
4. Келесі құжаттарды ұсынады:
Өтемақы шарттары:
Анықтама алу үшін: Тел.: 8-71651-30-480