Целиноградтық жас балуан «Олимпиадалық үміттер» облыстық жарысында күміс жүлдеге ие болды

Целиноградтық жас балуан «Олимпиадалық үміттер» облыстық жарысында күміс жүлдеге ие болды

2025 жылғы 2–6 маусым аралығында Степногорск қаласында 2012–2013 жылы туған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында «Олимпиадалық үміттер» облыстық спорттық жарыстары өтті. Бұл жарыстар өңірдің жас спортшылары үшін шеберліктерін көрсетіп, тәжірибе алмасуға зор мүмкіндік болды.

Аталған додада Целиноград балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің спортшылары да бақ сынады. Солардың ішінде ерекше көзге түскен Талғат Азат еркін күрестен 38 кг салмақ дәрежесінде күміс медаль жеңіп алып, жоғары нәтижеге қол жеткізді.

Бұл жетістік – жас спортшының тынымсыз еңбегі мен табандылығының нәтижесі.

Осы орайда, жарысқа қатысқан спортшыларға бағыт-бағдар беріп, дайындаған еркін күрестен жаттықтырушы-оқытушылар - Исажанов Абзал Талғатұлы мен Ахтанов Берік Дәулетұлына шын жүректен алғыс білдіреміз!

Талғат Азат пен Целиноград БЖСМ командасына алдағы жарыстарда сәттілік, жаңа жетістіктер мен биік белестер тілейміз! Жеңіс тұғырынан көріне беріңіздер!