
2025 жылдың 2–6 маусымы аралығында Степногорск қаласында 2012–2013 жылы туған ұлдар мен қыздар арасында «Олимпиадалық үміттер» облыстық спорттық жарыстары өтті. Бұл беделді дода жас спортшылардың күш-жігері мен спорттық рухын паш ететін маңызды алаңға айналды.
Целиноград аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері жарыста жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, аудан намысын абыроймен қорғады.
Бокстан жеңімпаздар мен жүлдегерлер қатарында:
🥇 Алтын медаль иегерлері:
Әлібек Нұргелді (40 кг салмақ дәрежесі)
Қайрат Саян (35 кг)
Серғазы Бекнұр (37 кг)
Төлепберген Нұрасыл (52 кг)
🥈 Күміс медаль иегері:
Ермұратова Аягөз (43 кг)
🥉 Қола медаль иегерлері:
Ускин Алихан (33 кг)
Дәлелғазы Нұрасыл (43 кг)
Смаил Рамазан (37 кг)
Сапарбек Жаснұр (55 кг)
Жеңістеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Сондай-ақ жарыс барысында шәкірттеріне бағыт-бағдар беріп, оларды қолдап отырған бокстан жаттықтырушы-оқытушы Масабаев Мирас Шоқанұлына алғысымызды білдіреміз.
Жас спортшыларымызға алдағы жарыстарда да сәттілік, жаңа белестер мен жарқын жеңістер тілейміз! Бұл жарыстар – болашақ үлкен жетістіктерге бастар берік іргетас боларына сенімдіміз!