5 маусым — Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні мен Эколог күніне орай Целиноград ауданында «Таза Қазақстан — таза болашақ» акциясы өтті

5 маусым — Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні мен Эколог күніне орай Целиноград ауданында «Таза Қазақстан — таза болашақ» акциясы өтті

Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні мен экологтардың кәсіби мерекесіне орай Целиноград ауданында «Таза Қазақстан — таза болашақ» ұранымен кең көлемді экологиялық акция ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты - табиғатты қорғау мәселелеріне назар аударту, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қоршаған ортаға ұқыпты қарау дағдыларын дамыту.

Акция аясында Нұресіл, Қараөткел және Талапкер ауылдарында экологиялық сенбіліктер өтті. Ауыл тұрғындары мен мекеме қызметкерлері көшелерді, аулалар мен қоғамдық орындарды қоқыстан және құрғақ шөптен тазартты.

Қаражар ауылында Нұра өзенінің жағалауын тазарту бойынша сенбілік ұйымдастырылды - еріктілер мен бей-жай қарамайтын тұрғындардың күшімен өзен маңы қоқыстан тазартылып, тәртіпке келтірілді. Бұл шара жазғы маусым алдында ерекше өзектілікке ие.

Родина ауылында дәстүрлі сенбіліктен бөлек, орталық көшелер мен әлеуметтік нысандар маңында гүл отырғызу шарасы өтті. Қатысушылар маусымдық гүлдермен гүлзарларды көркейтіп, ауылға сән мен көрік сыйлады.

Бұл акция әртүрлі буын өкілдерін біріктіріп, туған жерге деген сүйіспеншілікті нақты іспен дәлелдеді.

Целиноград ауданының әкімдігі барлық қатысушыларға алғысын білдіре отырып, қоршаған ортаны қорғау ісін жалғастыруға шақырады, себебі ауыл тазалығы өзімізден басталады!