Целиноград ауданы әкімінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтауы

Целиноград ауданы әкімінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтауы

Құрметті Целиноград ауданының тұрғындары!

Сіздерді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтаймын!

 Мемлекеттік рәміздер  мемлекетіміздің, егемендігіміздің мызғымас негіздерінің бірі. Олар Тәуелсіздіктің қасиетті біріктіруші бейнесін білдіреді.

Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Әнұран - бұл біздің ұлттық байлығымыз, ел тарихына, мемлекеттік тілге, мәдениет пен дәстүрлерге деген терең құрметтің көзі. Мемлекеттік рәміздер бізді Отан тағдырындағы ең маңызды сәттерде — ұлттық мерекелерден бастап спорттық жеңістерге дейін біріктіреді.

Халықаралық ресми іс-шараларда Отанымыздың Әнұраны шырқалғанда немесе көк Туы көтерілгенде, біздің кең-байтақ еліміздің әрбір тұрғыны мақтаныш пен патриотизм сезімін сезінеді.

Мемлекеттік рәміздер мемлекет басшысы жүргізетін саясат негізделген құндылықтарды бейнелейді. Бұл ашықтық, бейбітшілік, еркіндік, тәуелсіздік және келісім. Сондықтан мемлекеттік рәміздердің біздің мемлекетіміздің азаматтары мен өскелең ұрпақ үшін адамгершілік маңызы зор.

Құрметті жерлестер! Осы мереке күні сіздерге амандық, бақыт, бейбітшілік тілеймін! Біздің Отанымыз - Қазақстан Республикасы өркендей берсін, еліміздің Мемлекеттік Туы биікте  желбірей берсін!

Құрметпен, Целиноград ауданының әкімі Дарын Сабырғалиұлы