
Родина ауылының «Солнышко» бөбекжайында «Тілге бойлау» республикалық пилоттық жобасы жүзеге асырылуда.
Семинардың мақсаты: Мектепке дейінгі ұйымдарда ана тілі арқылы тәрбие мен оқытудың тиімді әдістерін насихаттау, педагогтердің тілдік құзыреттілігін арттыру және ұлттық құндылықтарға негізделген тілдік тәрбиені дамыту.
Осыған орай бүгін бөбекжайымызда «Тәрбиенің тал бесігі - туған тіл» атты республикалық семинары өткізіліп, еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған бала-бақша меңгерушілері мен әдіскерлері семинарға қатысты.
Бөбекжайымыздың алдында тәжиребелік алаңдар орналастырылды: «Қазақтың ұлттық ойындары», «Қазақтың ұлттық қол өнері», «Жайлау».
«Солнышко» және «Балауса» бөбекжайының педагогтары іс әрекетер көрсетті:
- «Звездочка» мектепалды даярлық топ, педагог Чулкова О.А. «Әжеге қонаққа».
- «Колокольчик» ересектер топ, педагог Юргель О.А. «Асықпен қызықты ойындар»
- «Балауса» бөбекжайының тәрбиешісі Мукашова Я.О. «Оюлар әлемі»
- «Балауса» бөбекжайының музыка жетекшісі Рамазанова Д. Б. «Ән мен ойын арқылы қазақ тілін үйренеміз»
- Каргина В.Н. «Арайлым» бөбекжайының музыка жетекшісі «Қазақ даласына музыкалық саяхат».
Келесі кезеңде педагогтар семинар қатысушыларына шеберлік сынып көрсете отыра, өз тәжібиелерімен бөлісті:
«Al және тіл: жасанды интеллект көмегімен сөйлеу» - Донбаева Эльмира Базарбаевна, «Қошақан» бебекжайының тәрбиешісі.
«Менқұрастырған мультфильм желісі бойынша жасанды интеллект ойындары» -
Махметова Аяужан Сайранқызы «ӘсемАй» бебекжайының тәрбиешісі.
Семинар соңында балғындар қазақтың ұлттық аспаптарында ойнап, қонақтарға арнап ән шырқады. Кішкентай өнерпаздардың өнері жиналған қауымды тәнті етті.
Бұл семинар мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында заманауи технология мен дәстүрлі әдістерді ұштастыра отырып, тілді, мәдениетті және тәрбиені қатар дамытуға болатындығын айқын көрсетті.