Мемлекеттік қызметтер қолжетімді бола түсті: Целиноград ауданының екі ауылында «Қызмет алушылар күні» өтті.

Мемлекеттік қызметтер қолжетімді бола түсті: Целиноград ауданының екі ауылында «Қызмет алушылар күні» өтті.

2025 жылғы 23 мамырда Целиноград ауданының Қараөткел және Талапкер ауылдарында Целиноград ауданының жергілікті атқарушы органдарының ұйымдастыруымен денсаулық сақтау, жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау, жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы салалары бойынша «Қызмет алушылар күні» өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – азаматтардың мемлекеттік қызметтерді алу кезіндегі құқықтары мен мүмкіндіктері туралы хабардарлығын арттыру, сондай-ақ кеңес беру көмегін көрсету.

Іс-шараға мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша талдау бөлімі мен тиісті мемлекеттік органдардың өкілдері және елді мекендердің белсенді тұрғындары қатысты.

Қозғалысы шектеулі азаматтарға ерекше назар аударылды. Кеңестердің бір бөлігі ашық ауада ұйымдастырылып, азаматтар үшін қолжетімді жағдайлар жасалды. Бұл өз кезегінде мемлекеттік органдардың халықтың барлық санатының қажеттіліктерін ескеруге ұмтылысын көрсетті.

Айта кетсек, «Қызмет алушылар күні» ауданның барлық елді мекендерінде әртүрлі мемлекеттік қызметтер саласы бойынша азаматтармен ашық кездесулер форматында өткізіледі.