2025 жылғы 26 маусымда Целиноград ауданының Ақмол ауылында жалпыреспубликалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Рухани жаңғыру» мәдениет және демалыс саябағында ауқымды тазалық шарасы өтті.
Акцияның мақсаты – қоршаған ортаға ұқыпты қарауды тәрбиелеу, азаматтардың экологиялық санасын қалыптастыру және қоғамдық орындардың санитарлық тазалығын қамтамасыз ету.
Іс-шараға мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдар мен коммуналдық қызметтердің қызметкерлері, жастар және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, сондай-ақ ауыл тұрғындары белсенді қатысты. Қатысушылар саябақ аумағын қоқыстан тазарту, шөп шабу, орындықтарды, беседкаларды және балалар ойын алаңдарын сырлау жұмыстарын бірлесіп атқарды.
Мұндай іс-шаралар халықтың экологиялық мәдениетін нығайтуға, қоршаған ортаның жай-күйіне деген жауапкершілік сезімін қалыптастыруға және туған жерге деген құрметті арттыруға ықпал етеді.
Целиноград ауданының әкімдігі экологиялық акцияға белсене қатысқан барлық азаматтарға алғыс білдіреді, сондай-ақ аудан тұрғындарын қоршаған ортаны қорғауға, қоғамдық маңызды шараларға белсене қатысуға және өңірдің экологиялық ахуалын жақсартуға өз үлесін қосуға шақырады.