Қаржылық сауаттылық бойынша оқу құралын шығару туралы

Қаржылық сауаттылық бойынша оқу құралын шығару туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Fingramota.kz жобасының жәрдемдесуімен «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КЕАҚ-мен бірлесіп әзірленген «Баршаға арналған қаржылық сауаттылық: практикалық курс» оқу құралының шығарылғаны туралы хабарлайды.

Оқу құралы жоғары оқу орындарында оқу процесінде пайдалануға арналған және студенттердің жеке қаржы саласындағы базалық білімі мен дағдыларын қалыптастыруға арналған.

Құралда тақырыптардың кең ауқымы қамтылады, оның ішінде:

  • жеке бюджетті жоспарлау және жүргізу;
  • ақылға қонымды кредит беру және жинақтау қағидаттары;
  • инвестициялау және сақтандыру негіздері;
  • қаржы саласындағы киберқауіпсіздік;
  • алаяқтық пен қаржы пирамидаларынан қорғау әдістері.

Жалпы таралымы – 500 дана. Сонымен бірге басылым әр түрлі жас санаттарындағы адамдардың өз бетінше зерделеуі үшін ұсынылады.