Заманауи мессенджерлер қарым-қатынас құралы ғана емес, сонымен қатар интернет-алаяқтар үшін танымал алаңға айналды. Олар WhatsApp, Telegram және басқа да қосымшаларды пайдаланып, алдау арқылы аккаунттарға қол жеткізуге, ақша немесе жеке ақпаратты иемденуге тырысады.
Көп жағдайда қылмыскерлер өздерін банк қызметкерлері, мемлекеттік орган өкілдері, туыстар немесе таныстар ретінде таныстырады. Алаяқтар фишингтік сілтемелер таратады, видео көру арқылы «тиімді» қосымша табыс ұсынып, зиянды файлдар жібереді және құпия мәліметтерді алу үшін жалған чаттар құрады.
Тәуекелге мектеп оқушылары, студенттер және егде жастағы адамдар ұшырайды. Сондықтан сақ болып, жақындарды қауіптер туралы ескерту өте маңызды.
Нені білу маңызды?
Егер сіз немесе жақындарыңыз алаяқтардың құрбаны болса – бірден полицияға хабарласқан абзал. Уақытылы әрекет ету алаяқтарды тоқтатуға және қаражатыңызды сақтап қалуға көмектеседі.
Өзге де пайдалы материалдармен Fingramota.kz. сайтынан таныса аласыздар.