ҰЛЫ ЖЕҢІС. 80 ЖЫЛ коллекциялық монеталары сатуға шығарылатыны туралы

ҰЛЫ ЖЕҢІС. 80 ЖЫЛ коллекциялық монеталары сатуға шығарылатыны туралы

Қазақстан Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҚҰБ) 2025 жылғы 21 мамырда ҚҰБ-тың https://kazcoins.nationalbank.kz интернет-дүкені арқылы «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясынан ҰЛЫ ЖЕҢІС. 80 ЖЫЛ коллекциялық монеталары сатыла бастайтынын хабарлайды.

Алтын жалатылған монеталар 925 сынамды күмістен жасалған. Массасы 31,1 грамм, диаметрі 38,61 мм, түрлі түсті баспа технологиясын қолданылған, дайындау сапасы – «proof», номиналы – 1 000 теңгелік, таралымы – 2 000 (екі мың) дана.

Күмістен жасалған монетаның бейнесі

Айта кетейік, номиналы 200 теңгелік биколорлы монеталар екінші деңгейлі банктер арқылы қолма-қол ақша айналымына шығарылды. Таралымы – 10 000 000 (он миллион) дана.

Биколорлы монетаның бейнесі