Целиноград ауданының әкімі Дарын Сабырғалиұлы Қабанбай батыр және Қызылсуат ауылдарына жұмыс сапарымен барды

Целиноград ауданының әкімі Дарын Сабырғалиұлы Қабанбай батыр және Қызылсуат ауылдарына жұмыс сапарымен барды

Целиноград ауданының әкімі Дарын Сабырғалиұлы жұмыс сапары аясында Қабанбай батыр және Қызылсуат ауылдарына барып, ауылдық жерлердегі су құбыры желілері құрылысының және жол жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.

Қабанбай батыр ауылында «Нұрлы Жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында су құбыры желілерінің құрылысы жүргізілуде. Жобаның мердігері – «АБДУ - Констракшн» ЖШС. Аудан әкімі сорғы станциясының құрылыс алаңын, сондай-ақ ауылішілік жолдарды жөндеу учаскесін аралады. Бүгінде ауылда абаттандыру, қалған жұмыстарды аяқтау және жолдардың қыс мезгілінен кейінгі ақауларын түзету жұмыстары жүргізілуде. Аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметінше, жоба биылғы жылы аяқталып, пайдалануға беріледі.

Қызылсуат ауылында аудан әкімі «Целиноград ауданы Қызылсуат ауылындағы сумен жабдықтау жүйелерін қайта жаңғырту» жобасы аясында салынып жатқан сорғы станциясының құрылысымен танысты. Құрылыс жұмыстарын «САПА ҚҰРЫЛЫС 2007» ЖШС жүзеге асыруда.

Бұдан кейін аудан әкімі ауыл ішін аралап, ауылдық округ әкімімен және салалық бөлім басшыларымен бірге жолдардың жай-күйі, абаттандыру және инженерлік инфрақұрылымды жақсарту бойынша алдағы жоспарлар жөніндегі бірқатар мәселелерді талқылады.