Құрметті мәдениет және өнер саласының қызметкерлері, сала ардагерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен - Мәдениет және өнер қызметкерлері күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Мәдениеттің рөлі қоғам үшін қашан да маңызды болған. Ғасырлар мен дәуірлер бір-бірін алмастырса да, ұлттық мәдениет дәстүрлер мен халық шығармашылығында ғана емес, қазіргі өнерде де өмір сүріп, көрініс табуда. Ол Сіздер сияқты – дарынды, рухани бай, өнерге бей-жай қарамайтын және өзінің кәсібіне құштар адамдардың арқасында жалғасады.
Сіздер күнделікті еңбектеріңізбен қоғамның рухани дамуына, ауданымыздың мәдени мұрасын байытуға зор үлес қосып келесіздер. Кітапханалар мен мұражайлардың, мәдениет үйлерінің, мұрағаттардың әрбір қызметкерінің еңбегі жоғары баға мен алғысқа лайық. Мәдениет және өнер саласының өкілдері жасампаз құндылықтарды нығайтуға, өскелең ұрпақты тәрбиелеуге бағытталған орасан зор шығармашылық және ағартушылық әлеуетке ие.
Целиноград ауданының мәдениеті жоспарлы және тұрақты түрде дамуда. Бұған ауданымыздың талантты өкілдерінің халықаралық және республикалық конкурстар мен фестивальдардағы көптеген жеңістері ғана емес, сонымен қатар біздің өңірдің символына айналған шығармашылық жобалар да дәлел бола алады.
Бүгінгі ерекше мереке күні мәдениет пен өнер саласына еңбегі сіңген аға буын өкілдеріне айтар алғысым шексіз.
Еліміздің өркендеп - өсуіне, мәдениет биігіне шығармашылық тұрғыдан қызмет етіп, халықты тамаша өнерлеріңізбен қуанта беріңіздер!
Баршаларыңызға шығармашылық жолда толағай табыс, еңбектеріңізге жеміс, отбасыларыңызға бақ - береке тілеймін!
Мереке құтты болсын!
Ізгі ниетпен, Целиноград ауданының әкімі Дарын Сабырғалиұлы