2025 жылғы 26 қазанда Целиноград аудандық мәслихаттың шығып қалған депутаттарының орнына өткен сайлау қорытындылары туралы хабарлама

2025 жылғы 26 қазанда №3 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын Целиноград аудандық мәслихатының шығып қалған депутаттарының орнына сайлау өтті.  

Сайлаушылар тізіміне 2724 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 474 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс -13 қатысты.

Кандидаттардың жалпы саны – 3.

№3 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Целиноград аудандық мәслихат депутаттарын сайлаудың мынадай қорытындылары белгіленді:  

Руслан Бүркітұлы Аубакиров үшін сайлаушылардың 30 дауысы берілді,

Бауржан Темірбулатұлы Борщин үшін сайлаушылардың 373 дауыс берілді,

Заманбек Қайыргелдіұлы Зекен үшін сайлаушылардың 36 дауысы берілді,

«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 11.

Сайлау қорытындысымен №3 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Целиноград аудандық мәслихатының депутат болып: 1986 жылы туған, «Астана су арнасы» ШЖҚ аға шебері Ақмола облысы Целиноград ауданы Оразақ а. турғыны Бауыржан Темірболатұлы Борщин, сайланды.

 

Целиноград аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

 

2025 жылғы 26 қазанда Целиноград аудандық мәслихаттың шығып қалған депутаттарының орнына өткен сайлау қорытындылары туралы хабарлама
Дата публикации
28 октября 2025