Целиноград аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
ҚАУЛЫСЫ
Ауылдық округ әкімдерін сайлауды тағайындау туралы
Целиноград ауданы
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабы 1-тармағының 1-тармақшасына сәйкес Целиноград аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Целиноград ауданында 2023 жылғы 04 маусымға тағайындалсын:
Родина ауылдық округі әкімінің және Қараөткел ауылдық округі әкімінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатқан кезекті сайлауы.
2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2023 жылғы 04 маусымға тағайындалған Родина ауылдық округі мен Целиноград ауданының Қараөткел ауылдық округінің сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
3. Осы қаулы Целиноград аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет парақшасында және аудандық «Есіл- Нұра» - «Вестник Акмола» газеттерінде жариялансын.
Сайлау комиссиясының төрайымы Ж. Аманжолова
Сайлау комиссиясының хатшысы Г. Хусаинова