Целиноград ауданы Қараөткел ауылдық округі әкімін сайлау қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА

2026 жылғы 14 маусым күні Целиноград ауданы Қараөткел ауылдық округі әкімін сайлауы өтті.

Целиноград аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының                       2-тармағына, 45-бабына, 113-10 бабына сәйкес, Целиноград ауданының Қараөткел ауылдық округінің әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

Қараөткел сайлау округі  бойынша

Қараөткел ауылдық округі әкімінің сайлауы:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 5658 азамат енгізілді, оның 347 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 5, «барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған – 47.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Абдикаликова А.Ж. – 14; Аубакирова Р.К. – 34; Жеңіс Д.Қ. – 247.

Қараөткел ауылдық округі әкімі болып Жеңіс Даурен Қайратұлы сайланды, 1991 жылы туған, ММ «Целиноград ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» басшысы, Астана қаласында тұрады, өзін-өзі тәртібімен ұсынылған.

 

Целиноград аудандық сайлау комиссиясы

Целиноград ауданы Қараөткел ауылдық округі әкімін сайлау қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА
Дата публикации
15 июня 2026