Целиноград ауданының автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 1536,7 км құрайды, оның 202 км - республикалық маңызы бар жолдар, 101,6 км - облыстық маңызы бар жолдар, 186,4 км - аудандық маңызы бар жолдар, 1046,7 км - ауылдық елді мекендердің көше-жол желісі.
2023 жылы Целиноград ауданының көлік инфрақұрылымын дамытуға 24,3 млн. теңге бөлінді
2023 жылы 27 нысан бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілді: оның ішінде 5-көше-жол желісін салу, 17 – күрделі жөндеу (оның ішінде көше жарығын орнату бойынша 5 жоба және аудандық маңызы бар а/ж көпірді күрделі жөндеу бойынша 1 жоба), 2-орташа жөндеу, 3-ағымдағы жөндеу. Сондай-ақ, 27 жобаның 16-сы 2023 жылы іске асырыла бастады.
Жалпы, 2023 жылы 118 км жол учаскесі асфальтталды, оның ішінде 89,6 км ауылішілік жолдар (Талапкер – 8 км, Қараөткел – 17,5 км, Қоянды – 15,6 км, Арайлы – 17,1 км, Ы.Алтынсарин – 1 км, Қызылжар – 10,2 км, Бірлік – 3 км, Өтеміс – 4 км, Төңкеріс – 1,2 км, Қажымұқан – 6,6 км, Аққайың – 2,5 км, Қабанбай батыр – 3,9 км ) және аудандық маңызы бар жолдың 27,5 км («Нұресіл – Зеленый Гай» - 18,5 км, «Қосшоқы станциясына кіреберіс» - 9 км), сондай – ақ 19 км жолдар ағымдағы жөңдеумен қамтылды (Қоянды – 13 км, Аққайын – 2 км, Қосшоқы станциясы - 4 км).
Сонымен қатар, жобалар шеңберінде Қараөткел (1308 дана), Қызылсуат (291 дана), Р.Қошқарбаева (330 дана), Ы.Алтынсарин (330 дана) ауылдарында көше жарығы орнатылды.
Сондай-ақ, Целиноград ауданының аумағында жол қозғалысын ұйымдастыру үшін 300-ден астам техникалық құралдар орнатылды, оның ішінде: елді мекендерде – 307 бірлік, аудандық маңызы бар автомобиль жолдарында – 30 бірлік.
2023 жылы құрылыстағы, реконструкциядағы, жөндеудегі жұмыстар мен материалдардың сапасын тексеру бойынша жұмыстар 100% орындалды, бұл жұмыстар «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК-мен бірлесіп жүргізілді.
Бүгінгі күні Тастақ ст. (5,5 км), Ақмешіт (4,7 км), Мортық (2,1 км), Қызылсуат (6,5 км), Қабанбай батыр (6,7 км), Родина (3,3 км) ауылдарында күрделі жөндеу және Шұбар (9,9 км), Талапкер (14,7 км) ауылдарында көше-жол желісін салу бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленді. Аталған жобалармен жалпы ұзындығы 53,4 км ауылдық жолдар қамтылған.
2023 жылдың қорытындысы бойынша көше-жол желісі жолдарының жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесінің көрсеткіші 60% - ға, аудандық маңызы 62% - ға жетті.
Ағымдағы жылы Целиноград ауданы бойынша ауыспалы жобалар бойынша жұмыстарды жалғастыру және жаңа жобаларды іске асыруды бастау, сондай-ақ жобалар шеңберінде 100 км-ден астам жолдарды асфальттау жоспарланған.
Одан бөлек, Қоянды, Қаражар ауылдарында көше-жол желісін салу бойынша 4 жобаның, сондай-ақ жайлы мектептерге кірме жолдар салу және «Тастақ станциясына кіреберіс» аудандық маңызы бар автомобиль жолына орташа жөндеу бойынша жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу жұмыстары жүргізілуде.