Тасты ауылдық округінде «Құрбан айт» мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті. Салтанатты шараға діни қызметкерлер, қоғам өкілдері, ауылдық округ тұрғындары шақырылды. Спорттық іс-шаралар өткізіліп, дастархан жайылып, үстелдің атрибуттарының бірі: бесбармақ, шелпек, бауырсақтар, құрт, қымыз және шұбат сусындары болды. Аталған іс-шараның негізгі ұйымдастырушысы Арыстанбек пен Бейрамкөл Баймұхановтар отбасы болды, жергілікті ауылдық әкімдіктің, мектептер мен мәдениет үйлерінің ұжымдары көмек көрсетті.