Ақмешіт ауылының көшелерін жарықтандыру

Ақмешіт ауылының көшелерін жарықтандыру

Жарық көшелер- Ақмешіт ауылы тұрғындарының жайлы әрі қауіпсіз өмірі үшін.

Целиноград ауданында көше жарығын орнату жұмыстары  кезең-кезеңмен жалғасуда. Кезекті жоба Ақмешіт ауылында жүзеге асырылып жатыр. Мұнда қазіргі заманға сай жарық шамдары орнатылуда.

Аталған жобаны іске асыру үшін аудандық бюджеттен 5,8 миллион теңге бөлінді. Бұл қаржыға "АРЭК" АҚ-ның балансындағы электр энергиясы бағаналарына бірлескен ілініс тәсілмен 58 жарық шамы орнатылды.

Көше жарығы Ыбырай Алтынсарин, Абай, Шоқан Уәлиханов, Тәуке хан, Жамбыл көшелерді қамтыды. Жалпы жарықтандыру желісінің ұзындығы 4000 метрді құрады.

Жобаны жүзеге асыру жұмыстарын "КИПЭСТ" ЖШС мердігер ұйымы атқаруда. Жобаның толық аяқталуыүшін қосымша 12 темірбетон бағана орнатылып, оларға 12 жарық шамы ілінді.

Айта кетейік, Наурыз мейрамы қарсаңында ауылда 20 жарық шамы орнатылған болатын. 9 шам-Ыбырай Алтынсарин көшесінде,5 шам Сабыр Ниязбеков көшесінде, 6 шам- Уәлиханов көшесіне орнатылып, жалпы ұзындығы 520 метрді құрады. Аталған жоба ауыл тұрғындарының қауіпсіздігі мен жайлығын арттыруға бағытталған. Алдағы уақытта бұл бастама ауданның басқа да елді мекендерінде жалғасын табады.