Софиевка ауылдық округінде 8 наурыз мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті!

Софиевка ауылдық округінде 8 наурыз мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті!

Софиевка ауылдық округінің әкімі 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында округтің аяулы аналары мен қыз-келіншектерін шын жүректен құттықтады.

Мерекелік іс-шара барысында әйел қауымына ізгі тілектер айтылып, олардың қоғамдағы және отбасыдағы ерекше рөлі атап өтілді. Іс-шара аудандық және ауылдық мәдениет үйі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен өткен мерекелік концерттік бағдарламамен жалғасты.

Концерт барысында әсем әндер шырқалып, көркем билер биленіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйланды.