
Софиевка ауылының тұрғыны Шарипов Саду Нуржанович қыс мезгілінде ауласын тазартуымен ауыл тұрғындарына үлгі көрсетуде. Қар мен аязды күндерде ауласын уақтылы тазалап, ауылдың таза әрі қауіпсіз болуына үлес қосып отыр. Оның бұл әрекеті ауылдағы жауапкершілік пен тәртіпті арттыруға ықпал етіп, тұрғындарға қоршаған ортаға деген құрметті күшейтуде.