Шалқар ауылдық округінде су тасқынына қарсы шаралар жалғасуда. Жұмысқа арнайы техникалар тартылған. «Шалқар ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ 2024 жылғы су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайларды жою мақсатында «Шалқар» ЖШС ауылшаруашылық ұйымымен өзара ынтымақтастық туралы келісім-шартқа отырды. Меморандум аясында «Шалқар» ЖШС басшылығымен Отаутүскен ауылына инертті материал, 15 текше метр құм және 300 дана қап контейнері жеткізілді.