Шалқар ауылында Наурыз мерекесі жоғарғы деңгейде өтті. Жәрмеңке, спорттық сайыстар, лоторея ойналды, соңында марапаттау рәсімінде сыйлықтар, алғыс хаттар табысталды!
Наурыз мейрамы құтты болсын!
Құрметті әріптестер, ауылдастар, достар мен серіктестер!
Баршаңызды Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесімен құттықтаймыз!
Жақсылықтың жаршысы, жаңа жылдың бастауы – Наурыз мейрамы туған жер топырағына құт - береке әкелсін!
Еліміз тыныш, туған жеріміз аман болып, әрбір жаңа күн әр отбасына бақыт және береке сыйласын!
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!