Наурыз жаңа жылдың басталуын, табиғаттың оянуын білдіреді. Бұл бізге достықтың, дәстүрді құрметтеудің және өзара көмектің маңыздылығын еске салады.
Родина ауылдық округінде бұл мереке жоғары деңгейде атап өтілді! 14 наурыздан бастап "Наурызама"бойынша іс-шаралар ұйымдастырылды. Мереке мектеп пен балабақшада, сондай-ақ Родина ауылының Мәдениет сарайының алдындағы алаңда атап өтіліп, үлкен қойылым көрсетілді. Концерт барысында Ұлттық аспаптарда әуендер шырқалды, халық билері мен көріністері ұсынылды.
Іс-шараға келген барлық тұрғындар наурыз көже, палау және бауырсақтан дәм татты. Мерекеде қазақтың халық дәстүрлері дәріптеліп, ұлттық ойындар өткізілді.
Қалыптасқан дәстүр бойынша Родина ауылдық округінің барлық балаларына "Родина"АФ ЖШС-нен тәтті сыйлықтар табысталды.