Біздің оқушылар - аудандық дебат турнирінің жүлдегерлері

Біздің оқушылар - аудандық дебат турнирінің жүлдегерлері

13 ақпанда мектебіміздің оқушылары Айдарғазинов Руслан, Кукаев Адиль, Нижник Матвей мектеп командалары арасында өткен аудандық дебат турниріне қатысып, жоғары дайындық деңгейін, сенімділік пен нағыз командалық бірлікті көрсете білді.

Қызықты әрі тартысты бәсекеде оқушылар шешендік шеберліктерін, өз ұстанымдарын дәлелдей білу қабілеттерін және пікірталасты құрметпен жүргізу мәдениетін танытты. Нәтижесінде — жүлдеделі І орын!

Біз дебатшыларымызбен мақтан тұтамыз және осы жеңіске қосқан қолдауы мен үлесі үшін жетекшілері Авилкина С.Ю.-ға алғысымызды білдіреміз!

Алдағы уақытта да табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!