Родина ауылдық округінің XXIV жыл сайынғы спартакиадасының жабылуы

Родина ауылдық округінің XXIV жыл сайынғы спартакиадасының жабылуы

2026 жылғы 14 ақпанда Родина ауылының мәдениет үйінде Родина ауылдық округінің XXIV жыл сайынғы спартакиадасының жабылу салтанатты рәсімі өтті.

 
Іс-шара аясында "Қысқы көрініс" абаттандыру байқауының қорытындысы шығарылды. Байқау жеңімпаздары дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Бағалау нәтижелері бойынша Родина ауылдық округі аумағында ең үздік жаңа жылдық безендіру деп:
 1. Орленко Иван - Родина ауылы, Майская көшесі, 11;
 2. Листков Сергей - Родина ауылы, Майская көшесі, 2/7;
 3. Орленко Александр - Родина ауылы, Конституция көшесі, 12/2;
 4. Ибряев Сергей - Родина ауылы, Желтоқсан көшесі, 16;
 5. Садовский Станислав - Родина ауылы, Желтоқсан көшесі, 3А;
 6. Овсянников Николай - Садовое ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 23.
 
Сондай-ақ, салтанатты шара барысында ауылдық округтің намысын облыстық әрі республикалық спорттық және шығармашылық байқауларда қорғаған жас жүлдегерлер ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
 
Іс-шара Родина ауылдық округінің XXIV жыл сайынғы спартакиадасының жеңімпаздарын марапаттаумен аяқталды: жарыстың белсенді қатысушылары марапатталып, ал жүлдегерлерге естелік кубоктар мен ақшалай сыйлықтар табысталды. 
Нәтижесінде ерлер командалары арасында:
1 орын - Диқаншылар командасы;
2 орын - Басқарма командасы;
3 орын - Малшылар командасы. 
Әйелдер командалары арасында:
1 орын - Садовое және Зеленый Гай командалары;
2 орын - Мектеп командасы;
3 орын - Бюджет және Жастар командалары алды.
 
Родина ауылдық округінің спорты мен мәдениетін дамытуға қосқан үлесі үшін іс-шараның барлық қатысушылары мен ұйымдастырушыларына алғысымызды білдіреміз.