Родина ауылында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына және "Агрофирма Родина" ЖШС-нің 65 жылдығына орайластырылған Родина ауылдық округінің жыл сайынғы спартакиадасының салтанатты ашылуы өтті.
Родина ауылдық округінің әкімі Қалиев Саят Ғабдумажитұлы және "Агрофирма Родина" ЖШС бас директоры Сауэр Иван Адамович қатысушыларды құттықтап, алдағы ойындарда сәттілік тіледі.
Ашылу салтанатында батырлардың қатысуымен театрландырылған қойылым өтті. Сондай-ақ туды салтанатты көтеру рәсімін спартакиаданың көп дүркін чемпиондары жүргізді. Спартакиада қатысушылары таныстырылып, әр топтың ұрандары шырқалды. Іс-шара соңында Родина ауылының ең кішкентай хоккейшілері спартакиада алауын жақты.
Спартакиада тек жыл сайынғы спорттық жарыс емес, бұл ауылдық округ тұрғындарының бірлігін нығайтуға, дене шынықтыру мен спортты насихаттауға, сондай-ақ патриотизм мен командалық рухты тәрбиелеуге бағытталған маңызды дәстүрге айналған қоғамдық оқиға болып табылады.
Барлық қатысушыларға зор денсаулық, спорттық табыс және адал ойындар тілейміз.